2021-2022 оқу жылындағы «Құқықтық тәрбие » бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық талдауы » Қызылқайың орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қызылқайың орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 37-4-64-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
2021-2022 оқу жылындағы «Құқықтық тәрбие » бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық талдауы
01
март
2022

2021-2022 оқу жылындағы «Құқықтық тәрбие » бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық талдауы

  2021-2022 оқу жылы басында Қызылқайың орта мектібі және АІІБнің

ЮПТ –мен бірлескен жұмыс жоспары құрылып  екі жақтан бекітілді.

  Жоспар бойынша Қазақстан Республикасындағы конституциялық 

заңдылық және құқық тәртібі, адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын насихаттау, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді нығайту мақсатында 01 – 30 қазан аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында құқық айлығы өткізілді. 

    Айлық барысында 1-4 сыныптарда «Баланың құқықтары мен міндеттері» тәрбие сағаттары өтті.  5-9 сыныптарда «Заңға құрмет», 10-11 сыныптарда «Құқық және міндет» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Құқық пәнінің мұғалімі А.Сулейменова 8-11 сынып оқушыларымен «Құқық әліппесі»тақырыбында викториналық сайыс өткізді.Мектеп кітапханашысы ЕгеубекқызыҮ.  ұйымдастыруымен «Конституция кемел келешектің негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырып оқушылар көптеген мәліметтер алды. 5-11 сынып арасында мектеп психологы Н.Бахтыбаеваның ұйымдастыруымен «Менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама ұйымдастырылды.Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысты.

 8-9 сынып оқушылары арасында «Бала құқығы – мемлекет назарында» атты шығарма байқауы өткізілді.  Әлеуметтік педагог Р.Алпысовтың  ұйымдастыруымен  құқық бұзушылыққа жол бермеу және оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін қадағалау мақсатында 9-11сынып арасында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылар әртүрлі сұрақтар, танымдық ойындар, ситуациялық жағдайлар арқылы өз білімін кеңейтті. Бала құқығын қорғау, міндеттері, жауапкершіліктері туралы  көптеген мәліметтер берілді.

    2021 жылдың   қыркүйекте № 01.09.2021жыл №115 -ө бұйрығымен  «Жас полиция көмекшісі» ұйымы құрылып, топ басшысы, жұмыс жоспары бекітілді. «Жас полиция көмекшісі» ұйымының жетекшісі болып педагог-ұйымдастырушы Амангелді Айдана тағайындалды.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, тәртіпсіздіктің, бопсалау фактілерін алдын-алу мақсатында мектепте

 «Сенім жәшігі» орнатылып,  жауапты мектеп психологы Н.Бахтыбаева  бекітілді.

Мектеп жасындағы балалардың бос уақытында және демалыс кезінде мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып бос уақыттары қызықты да пайдалы өткізіліп  мәліметтері беріліп турды.

Мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитеттері құқық бұзушылықтың, тәртіпсіздіктің алдын алу үшін  2021-2022 оқу жылы басында № 217-ө бұйрығымен 01.09.2021 жылы   мектепте «Құқықтық кеңес» құрылды. Кеңес төрайымы болып  мектеп директоры С.Сулейменов тағайындалды. Құқықтық кеңестің мүшелері :

  1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  К.Батырбаев
  2. Педагог-ұйымдастырушы   Д.Скаков
  3. Мектеп психологы Н.Х Бахтыбаева
  4. АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Б.Дыбысов
  5. Жас ұлан ұйымының  президенті  А.Мұратұлы

2021-2022 оқу жылына арналған Құқықтық кеңесінің жылдық жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Әр кеңес мүшелеріне жүктелген міндеттерімен таныстырылды.Жоспар бойынша Құқықтық кеңес отырыстары өткізілді. 

  Қараша айында Құқықтық кеңестің ІІ-ші отырысы өтті.Отырыста екі мәселе қаралды.1. Құқық айлығының есебі 2. Сәтсіз отбасы,сабақтан себепсіз көп қалатын оқушыларды анықтау,жұмыс жүргізу.

Айлық барысында жоспарланған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

Аталған «Бала құқығы – адам құқығы»  атты айлық барысындағы жоспарланған іс-шаралар  өз дәрежесінде өтті деп қабылданды

    Осы оқу жылында мектеп ережесін бұзған, есепте тұрған оқушылар болмағанын айтып өтті. Осы сұрақ бойынша 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысуына талдау жасады. Жекелеген оқушыларды заңды себептермен сабақтан босатты/ауырғаны туралы анықтама/, ал сыныптар бойынша 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған бала болмады.Сәтсіз отбасы есебіндегі, сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар  болған жоқ.
 
 Қаңтар айында Құқықтық кеңестің ІІІ-ші отырысы өтті.Отырыста екі мәселе қаралды.1.Сыныптардағы құқықтық тәрбиенің жүру барысы 2. Тәртіп бұзушы оқушылардың мәселелерін,сабақтан себепсіз көп қалатын оқушыларды анықтау,жұмыс жүргізу.

Айлық барысында жоспарланған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

Аталған  «Құқық әлемінде » атты айлық барысындағы жоспарланған іс-шаралар  өз дәрежесінде өтті деп қабылданды

    Мектеп ережесін бұзған, есепте тұрған оқушылар жоқ. Көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған бала болмады. Сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар  болған жоқ.

  Наурыз айында Құқықтық кеңестің IV-ші отырысы өтті.Отырыста 1.Тәртіпсіздіктің алдын алу онкүндігінің қорытындысы. 2. Ұлдар, қыздар жұмыстарының  жүргізу мәселелері қаралды.

Алакөл аудандық білім бөлімінің 07.02.2022жылғы №54-Ө бұйрығы және мектеп директорының 15.02.2022жылдың №54-Ө бұйрығы негізінде

Қызылқайың орта мектебінің  2022жылдың 15-25 ақпан аралығында 

«Тәртіпсіздіктің алдын-алу» онкүндігі өтті. Білім бөлімінің жоспары негізінде мектепішілік іс-шара  жоспары  жасалынып, бекітілді. Мектепте жеке құжаттары жоқ оқушылар  және тұрғылықты мекен-жайы жоқ, тіркелмеген оқушылар   анықталмады.   

     Алакөл АПБ-нің ЖПҚ нің ЮПТ инспекторы полиция капитаны Кульбеков Асан Жанатович және полиция капитаны Мұратұлы Олжас 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.Кездесу барысында оқушыларға құқықтары, міндеттері,жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  Педагог-ұйымдастырушы  А.Амангельді   9-10 сынып оқушыларымен                                                                                                                                          "Жемқорлықсыз өмір"  тақырыбында дөңгелек үстел   ұйымдастырылды.  

  ТІЖО К.Батырбаев және Г.Акимбекова – буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.  

       Онкүндік аясында  кешкілік «Тәртіп» рейді  ұйымдастырылды. Мектептің  мұғалімдерінен құрылған топ әр күн сайын  кешкілік рейдке шығып тұрды, бірақ тәртіп бұзған оқушылар кездескен жоқ.                                                                                                           

     1-11   сыныптар арасында «Тәртіп қоғам тыныштығы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді, презентация, слайдтар көрсетілді. 

  Онкүндік аясында  5-10 сынып арасында   «Заң  және біз» тақырыбында қабырға газеттер шығарылып байқау ұйымдастырылды.

   Мектеп психологы Н.Бахтыбаеваның ұйымдастыруымен девиантты мінез-   құлық белгілері бар  оқушылармен тренинг өткізді. девиантты мінез-   құлық белгілері бар  оқушылармен тренинг өткізді.  

       Осы онкүндікте өткен іс-шараларға талдау жасалынып, жауапты мұғалімдерге өздерінің жетістіктері мен кемшіліктері айтылды.                                                                                                             Аудандық, мектепішілік есепте тіркелген оқушы жоқ.

Жеке құжаттары жоқ оқушылар мен ата-аналар, тұрғылықты мекен-жайы жоқ, тіркелмеген оқушылардың  жоқ болғандықтан мәліметтер базасы жасалынған жоқ .  «Тәртіпсіздіктің алдын-алу»  онкүндігі өз дәрежесінде өтті.



  Мектеп оқушыларының, ата-аналарының, мектеп ұжымы арасында Құқықтық білім беру мектебінің» «жұмыс жоспары және лекторлар  01.09.2021жыл № 218-ө бұйрық негізінде жоспарланып бекітілді.

«Құқықтық білім беру мектебінің» Ітобы 1-8 сынып, ІІ топ 9-11 сынып,

ІІІ топ ата-аналар тобы, ІYтоп мектеп ұжымы тобы.

1-4 сынып оқушылары арасында “ҚР мемлекеттік рәміздері » тақырыбында 

семинар, сабақтар өткізілді.5-8 сынып оқушыларына Мемлекеттік рәміздер туралы презентация көрсетілді және осы тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылды.Нәтижесінде оқушылар ҚР мемлекеттік рәміздері туралы көптеген деректер алып білімін кеңейте түсті.Ақпан айында Тәртіпсіздік қайдан шығады тақырыбында 1-8 сынып оқушыларымен ТІЖО К.Батырбаев дәріс өткізді. Мамыр айында 1-8  сынып жетекшілері Менің Отаным Қазақстан тақырыбында әртүрлі іс-шаралар өткізді.

 Желтоқсан айында  АӘД пәнінің мұғалімі тероризмге байланысты балаларға арналған нұсқаулықпен таныстырды.Тероризм және экстремизм мағынасына тоқталып оның алдын алу іс-шараларымен таныстырып өтті.Әңгіме барысында оқушылар тероризм қаіпті топ екенін, оған қарсы іс-шаралар туралы көптеген мағлұматтар алды.

  ІІ топ оқушыларымен қыркүйек айында «Мәңгілік Ел»идеясы аясында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында ТІЖО Д.Ахметова және сынып жетекшілері 9-11 сынып оқушыларымен лекция өткізді.

  Қараша айында құқық пәнінің мұғалімі А.Сулейменованың  ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында әңгіме жүргізілді. 

 «Күдікті адам немесе жарылғыш зат көргендегі азаматтардың іс-қимылы»тақырыбында АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Дыбысов 9-11 сынып арасында жадынамамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастырды.

  «Құқықтық білім беру мектебінің» ІІІ тобы ата-аналармен жоспарға сай ата-ана құқығы, міндеті, жауапкершілігі және отбасы туралы ата-аналар жиналысында Мектеп директоры С. Сулейменов баяндамасын оқып таныстырды.

  Қараша айындағы ата-аналар жиналысында АӘД пәнәнің мұғалімі Ж.Дыбысов тероризм қатерінің туындауы туралы ақпарат және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларымен онлайн таныстырды. Тероризм және экстремизм мағынасына тоқталып оның алдын алу іс-шараларымен таныстырып өтті.Әңгіме барысында ата-аналар тероризм қаіпті топ екенін, оған қарсы іс-шаралар туралы көптеген мағлұматтар алды.

Қаңтар айында құқық пәнінің мұғалімі А.Сулейменова «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық және қылмыс үшін жауапкершілік»тақырыбында ата-аналарға дәріс өткізді.

 Наурыз айында ТІЖО К.Батырбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» баяндамасын оқып таныстырды

 «Құқықтық білім беру мектебінің» ІY тобы мектеп ұжымы мүшелерімен ҚР барлық аумақтарында немесе өңірлері мен елді мекендерінің аумақтарында терористік қауіптіліктің деңгейлері туралы әңгіме жүргізілді.Қауіпті жағдайларда қолданатын іс-шаралары туралы түсіндіріп өтті.

  Қараша айында ҚР еңбек туралы заңы,еңбек жағдайы-ішкі еңбек тәртібінің ережелері туралы әңгіме жүргізілді. Әр қызметкер өз жұмыс орнында қауіпті жағдай болдырмау жолдары қарастырылды.

 Қаңтар айында мектеп директоры С.Сулейменов мектеп ұжымын ҚР Білім туралы заңымен таныстырып түсіндірме жұмыстарын өткізді.

 Наурыз айында ТІЖО К.Батырбаев және Г.Акимбекова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.

  Қызылқайың орта мектебі  бойынша  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу   жөніндегі 2021-2022 оқу жылына   арналған кешенді жоспар құрылып, бекітіліп жоспарда көрсетілген іс-шаралар атқарылып мәліметтері    уақытында өткізілді.

 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі  бойынша түсіндірме жұмыстары, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша шаралар /жол қауіпісіздігі апталығы/өткізілді.

Есірткілік, психотроптық және өзге де күшті әсер ететін заттарды қолданудың алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы негізгі құндылықтарды ерте жастан түсіндіру бойынша мектеп оқушыларына құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кітапханаларда  тақырыптық кездесулер, кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Түрлі радикалдық діни бірлестіктердің, діни экстремизм мен терроризмнің әсерінен қорғау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық,мектепішілік спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

  Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,насихаттауға және дурыс қолдануға бейімдеу, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін нығайту мақсатында мектепте жоспар құрылып бекітілді.

21.09 – 21.10.2021 аралығында №258-ө бұйрық негізінде «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырыбында айлық өткізілді.Айлықта 1-4 сынып арасында «Рәміздерім -айбыным», 5-9 сынып арасында «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері», 10-11 сынып арасында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Садықбаева 8-9 сынып оқушыларымен эссе байқауын ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы ү.Егеубекқызы Мемлекеттік рәміздерге арналған тақырыптық көрме ұйымдастырды. Айлықта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында сауалнама өткізілді. 01.09.2021жылы № 189-ө бұйрық негізінде ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылып , «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген «Ұлттық стандартқа сай келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының» 2 тармағын басшылыққа ала отырып өз жұмысын атқарды.Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік туды,Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою жұмыстарын атқарып  хаттамаларын және  актілерін уақытында жасап жинақтауда.

  2021-2022 оқу жылындағы терроризм мен діни – экстремизмге қарсы күрес    

мақсатында жүргізілетін  іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. 

Мектеп директоры С.Сулейменов және АӘД мұғалімі Ж.Дыбысов -террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды орындау туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 Қаулысымен, террористік қауіп кезіндегі халықтың іс-әрекеті жадынамасымен мектеп ұжымы, оқушыларды таныстыру жұмыстары өткізілді.

 Шаруашылық меңгерушісі Е.Ахметжанов  мектептің вахта, күзет қызметкерлерінің режимін қатаң сақталуын  бақылауда. Мектептің вахта  қызметкерлері қауіпсіздікті сақтау мақсатында мектепке келген-кеткен азаматтарды тіркеу журналы жүргізіледі.

 5-11 сынып жетекшілері оқушылар арасында намаз оқитын, хиджаб киетін оқушыларды анықтау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ондай оқушылар анықталмады.

 АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Дыбысов төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер туралы нұсқаумен таныстырып,мектептің эвакуациялау жоспары бойынша мектеп ұстаздары, жұмысшылар   және оқушылармен нұсқау, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді.

 ТІЖО К.Батырбаев және 8-11 сынып жетекшілері «Терроризм зардаптары» тақырыбында видеоролик,көрсетілім , «Діни экстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен тренинг, пікірталас ұйымдастырып өткізді. 5-7 сынып оқушыларымен «Терроризм және оның зардаптары» тәрбие сағаттары өткізілді.

Діни экстремизм және терроризм, оның туындау себептері.Теріс ағымдағы дін тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Құқық пәнінің мұғалімі А.Сулейменова экстремизмнің пайда болуының негізгі себептерін, діни экстремизм мен лаңкестік идеологиясын белсене талқылап, діни экстремизм мен лаңкестік идеологиясына қарсы әрекеттер туралы айтып өтті. 

     Қызылқайың орта мектебі  бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, АІІБ-мен бірлескен кәмелеттік жасы толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалған, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын-алу, құқықтық кеңес,  құқықтық білім беру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,насихаттауға және дурыс қолдануға бейімдеу, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін нығайту, терроризм мен діни – экстремизмге қарсы күрес  мақсатында жүргізілген  іс-шаралар,жоспар бойынша  өз дәрежесінде атқарылды.

«Құқықтық тәрбие» бойынша атқарылған іс- шаралар барысында кеткен кемшіліктер:


     Кешкі рейд жұмыстары барысында жоғары сынып ұлдары арасында көшеде оқушылар жүрген жағдайлар кездесті;

    «Құқықтық тәрбие» жұмыстары бойынша оқушылардың іс- шараларға толық қамтылмауы орын алды;

   Ұсыныс:

Жоғары сынып ұлдары мен және ата- аналарымен кешкі көшеге шығу туралы түсіндіру жұмыстары жандандырылсын;

  «Құқықтық тәрбие» жұмыстары бойынша оқушылардың іс- шараларға толық қамтылуы сынып жетекшілер тарапынан үнемі бақылауда ұсталынсын;

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылы,Ы. Алтынсарин көшесі, 29 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кызылкайын, улица Алтынсарина, д.29
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru