Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдауы 2 » Қызылқайың орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қызылқайың орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 37-4-64-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдауы 2
01
февраль
2022

Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдауы 2

Тренинг жоспар бойынша 

І. Кіріспе

ІІ.Балам, балам жан балам

ІІІ.Бала жүрегі

ІV.Ойын

V.Ой түйін

VІ. Кішкентай жүректегі ой

VІІ. Қорытынды деген жеті бөлімнен тұрды. Тренинг барысында  аталған бөлімдер бойынша ата- аналарға тапсырмалар берілді. Сол тапсырмалар бойынша әр ата- ана өз баласы туралы, баласының болашақта кім болатыны туралы айтты. Баласын қолынан тау, баласының салған суретін табу сияқты ойындар ойнатылды.   

Мектепішілік Балалар жылын өткізу аясындағы іс- шаралар жоспары бойынша 15 сәуір күні 9-10 сынып оқушылары арасында мектеп оқушыларының ойлау қабілетін дамыту және жан- жағына әлемдік кзөқарастарын қалыптастыру мақсатында «Әлемдегі балалар» тақырыбында МиБатл ойын сабағы ұйымдастырылды. Ойын сабағы ынтымақтастық атмасферасын қалыптастыру мақсатында «Екі шындық, бір өтірік» ойыны ойнатылды.Оқушылар қызығушылықпен қатысып барынша қызықты жауаптар берді. Ойын жарысы 3 кезеңнен тұрды:

1. «Мен айтамын, сен жалғастыр»

2.  «Кім жылдам?»

3. Ой жұмбақ (Логикалық сұрақтар)

   Бірінші кезең бойынша екі топ мүшелері « Мен және 10 жылдан кейінгі Мен» тақырыбы бойынша «Мен айтамын сен жалғастыр» деп өз ойларын айтып өтті. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің қазіргі уақыттарын қалай тиімді 

пайдаланып жатқаны туралы және болашақ мамандақтарын қалай таңдайтындықтары сонымен қатар болашақта өздерін қалай елестететіндіктері туралы айтып өтті. 

  Екінші кезең бойынша екі топ мүшелеріне жекелеп 1 минутта 10 сұрақтан қойылды. Әр пәндер бойынша дайындалған сұрақтарға оқушылар барынша жауаптар беріп отырды. Берілген жауаптарды сарапшы мұғалімдер сараптап, есептеп отырды. 

  Үшінші кезеңде оқушыларға логикалық сұрақтар берілді. Ойжұмбақ сайысы барысында екі топқа берілген логикалық сұрақтарға барынша жауаптарын беріп отырды. Бұл кезеңде оқушылардың ойлау қабілеттері, ой жылдамдықтары бақыланып, ойлау шеберліктері, сараптаулары анықтылды. Сарапшы мұғалімдер осы үш кезең бойынша оқушылардың 

Білім, білік деңгейлерін, жылдамдықтарын бақылап, бағалады. Осы кезеңдерде белсенділіктері жоғары болып көзге түскен 9- сынып оқушылары жеңіске жетті. Ойын сабағы бойынша жоспарланған кезеңдер уақытымен өз деңгейінде өткізілді. Мектепте 28 сәуір күні 1-4 сынып оқушылары арасында  «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс ұйымдастырлды. Спорттық ойындарды ойнай отырып, спортқа қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, ата- аналарды мектепке тарту, салауатты өмір сүруге баулу мақсатында ұйымдастырған  сайысқа «Қыран» тобы, «Сұңқар» тобы, «Болашақ» тобы, «Айбын» тобы бастауыш сынып оқушылары мен ата- аналары қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. 

1.Таныстыру

2.Кім жылдам?

3.Кедергілер арасынан жүгіру

4.Жеміс жинау

5.Тасымалдау

6.Білімді кенгуру Осы алты кезең бойынша отбасылар барынша жылдамдықпен, шапшаңдықпен тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты.  Әділ қазы алқаларының сараптауы бойынша сайыс қорытындысы төмендегідей болды. 

І орын «Сұңқар» тобы Ахметжановтар отбасы

ІІ орын «Айбын» тобы Тайырбек отбасы

ІІІ орын «Болашақ» тобы Оспановтар отбасы

               «Қыран тобы» Сулейменовтар 




Мектепте 2022 жылдың 01.06-14.06 аралығында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің І кезеңі жұмысын атқарды. І кезең бойынша тәрбиешілер бастауыш сынып мұғалімі Ахибат Әлемгүл, бастауыш сынып мұғалімі Мырзабекова Ғалия Өмірзаққызы және дене шынықтыру пәні бойынша Жарылкасынов Ерлан Орманиянович, ағылшын тілі пән мұғалімі Ахметова Дана Махамбетовна мектеп директорының 26.05.2022 ж №154-ө бұйрығымен бекітілді. Лагерде балалар үнемі мектеп әкімшілігінің қадағалауында болды. Оқу бөлмесі, ойын бөлмелері санитарлық талапқа сай жабдықталған. І кезең бойынша мектеп медбикесі күнделікті тазалықты қадағалап отырды. Лагерде балалармен әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Онда спорттық ойындар, алғырлық, зерделілік, тілдік сайыстар, жас суретшілер сайысы, әнші, биші балапан, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал- мәтелдержарыстары тағы басқада көптеген шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар лагерьде демалыс уақыттарын жақсы өткізіп, өздеріне жаңа достар тауып, білімдерін толықтырды. Лагерьде табиғат аясында да тамаша демалды. Лагерь жұмысы жоспар бойынша жүргізілді. Дене шынықтыру мұғалімі балалармен түрлі ойын жаттығулар мен түрлі ойындар ойнады. Жалпы мектеп жанындағы сауықтыру лагерь балалардың көңілінен шықты. Сауықтыру лагерінен үлкен әсер алып тарасқан оқушыларға «Қош бол, қызықты «Балдәурен» лагері»  атты ертеңгілікпен аяқтап, бір- бірімен қоштасты. 

8 бағыт бойынша атқарылған іс- шаралар барысында кеткен кемшіліктер:

        Жоспарланған іс- шараларға оқушылардың дайындығын сынып жетекшілер тарапынан қадағалау төмен дәрежеде екені анықталды;

        Жоспар бойынша өткізілген байқауларда, әдеби- музыкалық кештерде оқушылардың сахна мәдениетінің толық қалыптаспағаны, оқушылардың өзін- өзі ұстауы, киім үлгісінің сахна мәдениетіне сай келмейтіні көрініс тапты;

     Оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдары жас ерекшеліктеріне сай келмейтіні, ән орындауда жас ерекшеліктері ескерілмегендіктері байқалды;

    Тәрбие жұмыстары барысында жоғары  сынып оқушыларының толық қамтылмауы көп кездесті. 

Ұсыныс: 

Жоспар бойынша өткізілетін іс- шараларға сынып жетекшілер толық қамтылсын;


Атқарылатын барлық іс- шараларға  сынып оқушыларының толық қамтылуы сынып жетекшілер тарапынан үнемі бақылауда ұсталынсын. 


Сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың өткізілетін іс- шараларға дайындықтары мен сахналық киімдері, сахналық мәдениеті қатаң бақылауда ұсталынып, назарға алынсын.


Жоспарланған іс- шараларға оқушылардың дайындықтары кезінде жас ерекшеліктерінің сақталуы назарда ұсталынсын. 





Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылы,Ы. Алтынсарин көшесі, 29 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кызылкайын, улица Алтынсарина, д.29
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru