Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдау » Қызылқайың орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қызылқайың орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 37-4-64-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдау
01
февраль
2022

Қызылқайың ОМ 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша жарты жылдық талдау

Тәрбиенің негізгі 8 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар 

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тұлғаның саяси құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін балалар мен жастардың құқықтық санасын оларды балалармен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Тұлғаның Қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен  келісілген рухани адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық және көзқарастарын қалыптастыру. Тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, ҚР этностар мен этикалық топтардың мәдениеттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Ата- аналарды оқыту бала тәрбиесінде олардың психологиялық педагогикалық құзіреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. 

Мектепте 18 ақпан күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Акимбекованың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Бата- ұлттық тәлім-тәрбие бастауы» атты танымдық сағаты өткізілді. Сабақ бата туралы видеоролик көрсетуден басталды. Сонымен қатар оқушыларға бата туралы сұрақтар беріліп ой қозғау мақсатында сұрақтар берілді. Ары қарай мұғалім «Бата» туралы толық ақпарат беріп, оқушылардың білімін толықтырды. Батаның негізгі үш түріне тоқталып, мәлімет беріп өтті. Одан кейін оқушыларға тағы да ой қозғау сұрақтары қойылып, жауаптары тыңдалды.  Өздері білетін баталарын тыңдап, жатқа айтқызды. Келесі кезекте топпен жұмыс берілді. 

І топ – «Жол батасы»

ІІ топ – «Ас батасы»

Берілген топтық тапсырма бойынша оқушылар білетін ақпараттарымен бөлісіп, аталған бата түрлеріне мысал келтіре отырып, батадан үзінді оқып берді. Бұл тапсырмадан кейін «Жалғасын тап» ойын түріндегі тапсырма берілді. Тапсырма барысында оқушыларға мақал- мәтелдің жалғасын табу тапсырылды. Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытып, барынша тапсырмаларды орындады. Дайындалған презентация көрсетіліп, сабақ бекітілді. Және де мұғалімнің қорытынды сөзімен сабақ аяқталып қорытындыланды. Аталған тақырыптағы танымдық сабақ өз деңгейінде оқушылар барынша белсенді қатысты. Мектепте тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасар Г.Акимбекованың ұйымдастыруымен 7-8- сыныптар аралығындағы оқушылармен «Өнер- таусылмас азық» атты пікірталас сабағы ұйымдастырылды. Пікірталас 4 бөлімнен тұрды:

І «Қолөнер- мол өнер»

ІІ «Кім жылдам?»

ІІІ «Ойлан, тап!»

ІV Өнер талаптан туады

  Аталған бөлімдер бойынша қатысушы оқушыларға тапсырмалар беріліп, талқыланды. Өнердің түрлі салалары бойынша тоқталып, мағлұматтар берілді. Қатысушы сыныптар өз ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.  Сабақ соңы үш топқа 

1 топ Жұмбақ құрастыру

2 топ Өлең шығару

3 топ Мақал- мәтел жаттау сияқты тапсырмалармен қорытындыланды. Аталған тақырыптағы пікірталас өз деңгейінде өткізілді.


Мектепте «Алғыс айту- парызым» атты алғыс айту күніне орай апталық өткізілді. Апталық аясында оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,  ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен- кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым- қатынасын дамыту мақсатында1- 11 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары әр түрлі форматта өткізілді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты видеороликтер көрсетіліп, әр түрлі ситуациялық жағдаяттар беріліп, мақал- мәтелдер, өлең шумақтары оқылып, оқушыларға тапсырмалар ұсынылды. Аталған тақырып бойынша тәрбие сағаттары өз деңгейінде өткізілді. 4 наурыз күні жоспар бойынша 0-4 сынып қыздары арасында «Ару балапан- 2022» байқауы өтті. Байқауға 

1.Таныстыру

2.Өз өнері

3.Мәнерлеп оқу

4.Өнерлінің қолы алтын (қолөнер)

5.Сән үлгісі деген 5 кезең бойынша әр сыныптан 1 қыз баладан қатысты. Байқау кезеңдері бойынша қатысушы қыздар жоғары деңгейде дайындалғандықтарын көрсетті. Дегенмен әділ қазы алқалары салыстыра отырып, бағалады. Қыздардың сахнадағы мәдениеттері мен жүріс- тұрысы, өнері барлық дайындықтары ескеріліп бағаланды. Қорытындылай келе 

Бас жүлде 3- сынып оқушысы Тынысбек Інжу

І орын 1- сынып оқушысы Нияз Еркеназ

ІІ орын 2- сынып оқушысы Қасымғали Аружан және 0- сынып оқушысы Керімжан Ұлжан

ІІІ орын 4- сынып оқушысы Мәуітбек Жұлдызға берілді. 
 

5.03 күні 5-10 сынып қыздары арасында «Ал, қанеки, қыздар» байқауы өткізілді. Байқау 

1.Таныстыру

2.Өз өнері

3.Мәнерлеп оқу

4.Мерекелік салат

5.Қолөнер

6.Сән үлгісі деп аталатын кезеңдерден тұрды. Осы кезеңдер бойынша қыздар дайындықтарымен өнерлерін көрсетті. Таныстыру кезеңінде қатысушы қыздар өз топтары мен алған төс белгілерін таныстырып өтті. Келесі кезеңде дайындаған ән немесе билерін билеп   өнерлерін ортаға салды. Барлық сыныптың қыздары да өнерлі екендіктерін көрсетті, барынша әндері мен билерін аналарына көктем мерекесіне арнады. Үшінші кезеңде ана туралы дайындаған өлең жолдарын оқыды. Музыкамен әрлеп, сахналық қойылыммен көрсеткен қыздар да болды. Әділ қазы алқалары оның барлығын ескеріп отырды. Одан кейін қыздардың уйден дайындап келген 

мерекелік салаттарына берілді. Аспаз қыздар дайындаған салаттарының құрамы мен пайдасына тоқталып өтті. Қолөнер кезеңінде қатысушы қыздар көктем мерекесіне, 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай әр түрлі бұйымдардан дайындаған аппликация, букет, т.б заттарын сахнаға алып шығып, таныстырды, жасалу жолымен бөлісті. Дайындаған қолөнер бұйымдары әділ қазы алқаларына таныстырылып, тапсырылды. Және соңғы кезең сән үлгісінде қыздар әр түрлі бұйымдардан тігілген көйлектерімен сән үлгісін көрсетті. Атап айтқанда қыздар газеттен, әр түрлі пакеттерден және шардан тігілген көйлектерін киіп шықты. Осы бөлімдер бойынша қыздардың өнерлері бағаланып, қорытындыланды. Қорыта келгенде  8-10 сыныптар бойынша  І орын 10 сынып «Арулар» тобы

ІІ орын 9 сынып «Қазақ арулары» тобы

ІІІ орын 8 сынып «Бақыт құсы» тобы 5-7 сыныптар бойынша 

І орын 7- сынып «Қызғалдақ» тобы

ІІ орын 6- сынып «Жауқазын» тобы

ІІІ орын 5- сынып «Көктем аруы» топтары иеленді.





7.03 күні мектеп бойынша 1-11 сынып жетекшілері «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тәрбие сағаттарын өткізді. Аналар мен қыздарымыздың мерекесіне орай ананы қадірлеу, әйелдер қауымына деген құрметті арттыру, қыздарымыздың аялау, қазақ халқы тарихында қыз баланың қадір- қасиетін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаттары әр түрлі видеороликтар көрсетіліп, ана туралы әндермен басталды. Оқушыларға ана туралы мақал- мәтелдер, өлең шумақтарын айтқызып, слайд презентациялар көрсетілді. 


Мектеп ішіндегі «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешілері Г.Ережепбаева және Ғ. Ережепбаеваның ұйымдастыруымен балаларға ұлттық дәстүр мен ойындарды дәріптеу және ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауды ұғындыру мақсатында 2022 жылдың 17 наурызында «Құт- береке бастауы- Наурыз» атты ертеңгілік өткізілді. Мерекелік іс- шараға ұлттық киіммен барлық бүлдіршіндер қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Берілген тақпақтары мен әндерін айтып, ұлттық билерін биледі. Жас ерекшеліктері ескеріле отырып берілген әндері мен билерін барынша ортаға салып өнерпаз бүлдіршіндер өнерлерін көрсетті. Аталған іс- шараға топтың барлық бүлдіршіндері қамтылды. Ата- аналары мен тәрбиешілер және мектеп ұстаздары көрермен ретінде шақырылды. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндермен ұлттық ойындар ойнатылды. Ұл балалар арқан тартысқа шығып, сайысқа түсті. Сонымен қатар қол күрес бойынша сайысқа түсіп, жеңімпаздар марапатталды. Аталған іс- шара өз деңгейінде өткізілді. 


Мектепте 2022 жылдың18 наурызында мектеп әкімшілігі мен 5-10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ұлттық мерекені ұлықтау, ұлттық салт- дәстүрімізді жаңғырту, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Армысың, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Мерекелік іс- шара мектеп директоры Сулейменов Серікболат Алпысұлының құттықтау сөзімен басталды. Одан кейінгі кезекте 10- сынып оқушысы Ұлан Рәуаның «Қазақ  дастарханым» әнімен жалғасты. Келесі кезекте 5-10 сыныптар бойынша алдын ала тапсырылған салт дәстүрлерден көрініске кезек берілді. 

5- сынып оқушылары Кіндік шеше

6- сынып Құлақ тесу

7- сынып Қырқынан шығару

8- сынып Тойбастар

9- сынып Бесікке салу

10- сынып Тұсаукесер сияқты салт- дәстүрлерден ата- аналарының көмегімен көріністер көрсетіп өтті. Әр сынып берілген тапсырмалары бойынша аса жауапкершілікпен дайындалғандарын көрсетті. Барлық сынып оқушылары ұлттық киіммен қатысты. Және ары қарай әр сынып дайындаған конңерттік бағдарламаларын көрсетті. Аталған мерекелік іс шара өз деңгейінде атқарылды. 




29 сәуір күні 1-Мамыр- Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 жылдығына орай 1-11 сынып оқушылар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары    Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет- ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында сынып жетекшілер оқушылардың қызығушылығын оятып, әр түрлі форматта тәрбие сағаттарын өткізді. Сахналық қойылым, слайд- презентация, видеороликтер көрсетіліп өткізілген сабақтар өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар жаттаған өлең шумақтарын айтып, әндерін орындады. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат- мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік Отанда өмір сүру үшін татулық пен ынтымақ дейтін ұғымдарды оқушы санасына сіңіру мақсатында ұстаздар сабақтарын түрлендіріп өтуге барынша тырысты. Мектеп оқушылары белсенді қатысып сабақтарға қызығушылықтары жоғары болды. Аталған тақырыптағы тәрбие сағаттары өз деңгейінде өткізілді. 1 мамыр-  Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған іс- шаралар жалғасуда. 



5 мамыр күні меткепте 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай, «Жас Ұландар- мақтанышы елімнің» атты жігіт сұлтаны байқауы өткізілді. Байқауға 5-10 сынып оқушыларының ұлдары қатыстырылды. Байқау 

1.Таныстыру

2.Өз өнері

3.Картоп аршу

4.Түйме қадау

5.Кермеге тартылу

6.Еденнен кеудені көтеру деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Аталған кезеңдер бойынша әр сыныптан 5 оқушы қатысып, сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушы ұлдар жоғары дайындықтарын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 8-10 сынып аралығында

І орын 10 сынып оқушылары «Қыран» тобы

ІІ орын 9 сынып оқушылары «Көкбөрі» тобы

ІІІ орын 8- сынып оқушылары «Достық» тобы 5-7 сынып аралығында

І орын 7- сынып оқушылары «Жас Ұлан» тобы 

ІІ орын 6- сынып «Сұңқар» тобы

ІІІ орын 5- сынып «Жас қыран» тобы  иеленді.      



6.05 күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына «Ер есімі- ел есінде» тақырыбында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және тыл еңбек ерлерін құттықтауды және құрмет көрсетуді қамтамасыз ету аясында мерекелік салтанатты жиын және әскери саптық шеру ұйымдастырылды. Саптық шеруді мектептің әскери жетекшісі және тәрбие жөніндегі орынбасарлар ұйымдастырып, сынып жетекшілер сыныптарының қатысуын қадағалады. Мектеп әскери жетекшісі қатысушыларды   жиынға дайындағаннан кейін Мемлекеттік Гимн орындалды. Және Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін мектеп директоры құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңында 1- сынып оқушылары ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлемде бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырды. Және «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен орындады. Ары қарай салтанатты жиын әскери саптық шерумен жалғасты. Әскери жетекшінің нұсқауымен 7-10 сынып оқушылары бірінші саптық жүріспен жүріп өтті. Екінші кезекте әнмен саптық шерумен жүріп өтті. Аталған іс- шара әскери жетекшінің қорытынды құттықтау сөзімен аяқталды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына «Ер есімі- ел есінде» тақырыбындағы мерекелік іс- шара өз деңгейінде атқарылды.


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5- бабының 14- тармақшасына және мектептің жылдық жоспарының негізінде мектеп директорының 16.05.2022ж №150-ө бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты 25 мамыр күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға барлық мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы жиналып, алдымен мектеп бітіруші түлектер құрмет, қошеметпен шашу шашылып ортаға шақырылды. Мектептің әскери жетекшісінің нұсқауымен сап түзелгеннен кейін Мемлекеттік Гимн орындалды. Салтанатты жиын ашық деп жарияланғаннан кейін мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп оқу озаттары 

мен мектеп ұстаздары марапаттау қағаздарымен марапатталды. Мерекелік жиынның қонағы Көлбай ауылдық округінің әкімі Шакеров Ержан Шакерұлына құттықтау сөз берілді. Одан кейінгі сөз мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы, мерекелік жиынның қонағы, ардагер ұстаз Мунсызбаева Ғалия Абулкаятқызына берілді. Келесі сөз кезегі мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшісі Садыкбаева Айгул Есімханқызына берілді. 11 сыныпты бітіріп, ұяларынан ұшып бара жатқан жас түлектерге ақ тілегін арнағаннан кейінгі сөз ата- аналар атынан Кананбаева Бибі апаға берілді. Одан кейінгі кезекте 11 сынып оқушысы, үздік оқушы Құшанбек Ардақ сөз алып, алтын ұя мектебі мен ардақты ұстаздар қауымына алғысы мен лебізін білдірді. Келесі кезек 11- сынып оқушыларына берілді. Оқушылар дайындаған өлең шумақтары менг әндерін айтып, соңғы мектеппен қоштасу вальсін биледі. Сонымен қатар сөз соңында көгершіндерін ұшырып, дайындаған бағдарламаларын аяқтады. Мерекелік жиын соңы кездесуге келген 5,10,15,20,25 жылдық түлектерге берілді. Кездесуге келген түлектер сөз алып мектеп ұстаздары мен мектеп бітіруші түлектерді мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Мерекелік іс- шара кезіндегі балалрдың өмірі, денсаулық қауіпсіздігі және жалпы мектепішілік тәртіпке байланысты кезекшілік ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауда ұсталды. Атқарылған іс- шара туралы ақпарат білім бөліміне жіберілді. Аталған тақырыптағы іс- шара өз деңгейінде өткізілді. 



1 Маусым Халықаралық Балаларды күні аясында асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді. Мектептегі шағын орталық бүлдіршіндері, мектеп алды даярлық тобының оқушылары және 1- сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу тапсырылды. Әр түрлі борлармен оқушыларға өз қиялдарымен суреттер салды. Салынған суреттерін бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар К.Батырбаев қарап өтті. Қатысушы оқушылар белсенді, ұйымшылдықпен қатысып отырды. Қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталып, марапатталды. 




Мектепте 1 Маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні аясында «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы шеңберінде «Жазғы старт» спорттық ойындар жарысы өткізілді. 5-8 сынып оқушылары арасында күрестен сайыс өткізілді. Оқушылар жыл бойы дайындалған дайындықтары бойынша күрестен сайысқа түсті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. 2,3,4 сынып оқушылары кедергілерден допты алып жүру эстафетасы бойынша сайысқа түсті. Әр сынып 5 оқушыдан құралған команда құрып, эстафетаны жалғастырып отырды. Эстафетаға қатысушы оқушылардың барлығы сыйлықтармен марапатталды. 5,6,7 сынып оқушылары  5 оқушыдан құралған команда құрып,арқан тартыс бойынша сайысқа түсті. 8,9,10 сынып оқушылары қол күрес бойынша сайысты. Аталған сайыстар бойынша оқушылар белсенді, жауапкершілікпен қатысып отырды. Барлық оқушыларға сыйлықтар таратылып, марапатталып отырды. 


Мектепте 1 масым күні барлық мектеп оқушылары мен шағын орталық бүлдіршіндерінің қатысуымен мерекелік іс- шара өткізілді. Мектеп директоры құттықтауымен басталған іс- шара үш бөлімнен тұрды. 

І бөлім концерттік бағдарлама

ІІ бөлім Ойындар

ІІІ бөлім Спорттық 

  І бөлім бойынша мектептің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар дайындаған әндері мен билерін орындап, өнерпаздарға аздаған естелік сыйлықтар табысталды. 

ІІ бөлім бойынша шағын орталық бүлдіршіндері,МАД тобы және 1 сынып оқушыларына асфальтқа сурет салу тапсырылды. Оқушылар белсенді қатысып, сыйлықтарын алып, марапатталды. 2,3,4 сынып оқушылары «Қолшатырмен би» ойынын ойнады. Оқушылар көңілді билеп қатысты. 5,6,7 сынып оқушылары «Орындықпен би» ойынын ойнады. 

ІІІ бөлім бойынша дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жазғы старт» спорттық жарыстар ұйымдастырлды. 2,3,4 сынып оқушылары 5 оқушыдан құрылған команда болып допты кедергілер арасынан алып жүру эстафетасына қатысты. 5,6,7 сынып оқушылар арқан тартыс сайысы бойынша сайысты. 8,9,10 сынып оқушылары қол күрес бойынша сайысты. Сонымен қатар оқушылардың жыл бойы дайындалған дайындығы бойынша күрес ойынын тамашалады. Барлық сайыстар бойынша балаларға естелік сыйлықтар табысталып отырды. Және мерекелік іс- шара соңында барлық балаларға балмұздақ таратылды. Аталған іс- шара жоғары деңгейде өткізілді.





Мектепте 19 мамыр күні 5-11- сыныптар аралығында оқушылармен балаларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында суда, су объектілерінде, жолдарда жүріс- тұрыс ережелерін сақтау бойынша дәріс жүргізілді. Оқушыларға ата- ананың рұқсатынсыз қауіпті жерлерге баруға болмайтыны, суға тек рұқсат етілген жерлерге ғана шомылу керектігі,жол жүру тәртібі, жолда жүру ережелері туралы таныстырылып айтылды. Мектепте 3 маусым күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.Акимбекованың ұйымдастыруымен мектеп пен ата- ана арасында қарым- қатынасты нығайту, барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін ата- ана тәрбиесі, ал оны дамытуға ықпал ететін мектеп екенін ата- аналарға түсіндіру, ата- аналарға кеңес бере отырып, бала тәрбиесі бәрімізге ортақ екенін ұғындыру мақсатында «Адамның бір қызығы бала деген...» тақырыбында 4- сынып 

оқушылары мен ата- аналары арасында тренинг өткізілді.  

Похожие публикации:

08 январь 2018 Әкімшілік
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылы,Ы. Алтынсарин көшесі, 29 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кызылкайын, улица Алтынсарина, д.29
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru